Нұрлан Оразалин: Биыл төрағалық сайысқа түспейтін болдым

Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтіп жатқан Қазақстан Жазушыларының кезекті XV Құрылтайында Нұрлан Оразалин сөз алды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстан жазушылар одағының қазіргі төрағасы алдағы сайлауға түспейтінін мәлімдеді.

-22 жыл отырдым. Барымды салдым. Әдебиеттің ыстығына да, суығына да көндім. Айтыс, тартысының, жамандығы мен жақсылығының айналасында жүрдім. Осы жылдары қызметтес болған үлкенге де, кішіге де, жасыңа да, кәріңе де көп рақмет! Мен биылға сайлауға түспейтінімді мәлімдеймін, — деді Нұрлан Оразалин.

Осыны естіген жиынға келген жұрт ду қол шапалақтады.

«Қамшы» сілтейді

Оқи отырыңыз... Мақала авторы

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.