Қанат Ислам Альвареспен жекпе-жекке дайын

Қазақстандық Қанат Ислам мексикалық Сауль Альвареске қарсы жекпе-жекке шыққысы келетінін мойындады, деп хабарлайды Sports.kz.

Бұған дейін бірқатар БАҚ Қанаттың орта салмақтағы WBO әлем чемпионы Канелоға қарсылас бола алатынын жазды. «Менің Қазақстандағы жанкүйерлерім бұл айқасты қуана-қуана көрер еді. Мен де, менің командам да бұл жекпе-жектің болғанын қалаймыз. Егер мүмкіндік пайда болса, ойымды жинақтап, дұрыс спарринг-серіктес тауып, айқасқа толық дайын боламын», — деп Қанаттың сөздерін келтірді Boxingscene.com.

Айта кету керек, Қазақстан кәсіпқой бокстағы титулдар саны бойынша алғашқы бестікке енді. Қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов (27-1, 18 КО) жеңіл салмақтағы WBA Super және IBO белбеуін жеңіп алып, еліміздің кәсіпқой бокстағы титулдар саны бойынша алғашқы бестікке кіруіне атсалысты, деп хабарлайды Sports.kz. Енді қазақстандықтардың қоржынында төрт белбеу: үшеуі (WBA Super, WBC және IBF) Геннадий Головкинде (36-0, 33 КО) және біреуі (WBA Super) Жақияновта бар. Одан бөлек, екі боксшы да IBO титулын иемденген. Алайда, салыстырмалы түрде оның беделі төмен болып есептелінеді. Қазақстан чемпиондық титулдар саны бойынша бесінші орынды Филиппинмен бөліседі. Бірінші орынды АҚШ (12) алса, кейінгі орындарда Ұлыбритания (9), Жапония (8) және Мексика (7) тұр. Сонымен қатар, Головкинге келіп қосылған Жақиянов әлемнің қазіргі чемпиондары бойынша елдер тізіміндегі Қазақстан позициясының жоғарылауына септігін тигізді. Қазақстан алтыншы орынды Ресей, Куба, Таиланд және Украина елдерімен бөліседі.  Қазіргі чемпиондары ең көп ел АҚШ (12) болып саналады. Кейін Ұлыбритания (9), Жапония (8), Мексика (7) және Филиппин (4) тұр.

Оқи отырыңыз... Мақала авторы

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.