Өзбекстан EXPO-2017 көрмесіне қатысатынын мәлімдеді

Өзбекстан EXPO-2017 көрмесіне қатысады. Екі елдің ұлттық көрме комиссарлары Ташкентте ресми құжатқа қол қойды деп хабарлайды 24.kz.

Өзбекстанға ұлттық павильоннан 625 шаршы метр жер бөлінген. Ала тақиялы ағайындар ол жерге баламалы қуат көзін өндірудің тиімді тәсілдерін алып келмек. Қазіргі таңда Өзбекстанның Самарқанд қаласында күн көзінен қуат алатын станция салынып жатыр екен. Аптап ыстық өлкеде күнмен қатар желден және шағын су электр станциялары арқылы қуат көзін өндіру қолға алынған. Оған қоса, ақ алтынды қалдықсыз өңдейді. Көкөнісі мен бау-бақшасы тағы бар.

Сонымен қатар, халықаралық көрмеге келушілерді Бұқара мен Хива сияқты тарихи қалаларына туристік саяхат жасату ойларында бар екен. Көрші елге ресми сапармен барған EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаев сапар барысында Өзбестанның Сыртқы экономикалық қатынас, инвеститциялар және сауда министірі Элёр Ганиевпен кездесті.

Рәпіл Жошыбаев, EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары:

— Біз көптеген ел тұрғындарының Қазақстанға келіп кетуіне мейлінше жағдай жасап отырмыз. Жаңа жылдан бастап бірқатар мемлекеттермен арадағы визалық режимді алып тастадық. Олардың арасында ЭЫДҰ елдері, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері.Оған қоса, әрине, Араб елдері. Біз Қазақстанға туристерді көптеп тарту үшін осындай қадамдар жасап отырмыз.Тиісінше, біз бұл жұмыстардың нәтижесін көрмеде көретін боламыз.

Оқи отырыңыз... Мақала авторы

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.