Дәурен Абаев Дубайда The World Government Summit-ке қатысты

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Дубайда өтіп жатқан The World Government Summit-ке қатысты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

 Әлемдік үкімет саммиті Біріккен Араб Әмірліктерінде 12-14 ақпан аралығында өтуде. Саммит бүкіл әлемде болашақ үкіметті қалыптастыруға арналған жаһандық тұғырнама болып табылады.

130 үкімет және халықаралық ұйым өкілдері Дубайда мемлекеттік мекемелердің жұмысын талқылауда. Саммит жыл сайын адамзат алдында тұрған әмбебап проблемаларды шешу үшін инновациялар мен технологияларды қалай пайдалану керек екеніне баса назар аудара отырып, үкіметтің келесі ұрпағына өзекті міндеттер қоюда.

The World Government Summit-тің өткізілуі шеңберінде Дәурен Абаев Dubai Media City қызметімен танысты.

Dubai Media City 2000 жылы негізі қаланған. Медиаорталық Dubai Holding құрамына кіреді және медиаиндустриямен, интернет-қолдаумен, жаңалықтарды сүйемелдеумен, фильмдер мен роликтерді шығарумен айналысады. Медиаорталықтың өкілдері Парсы шығанағы мен Таяу Шығыста барлық өңірге қызмет көрсете отырып, олар медиаиндустрия үшін орталық екенін айтты. Барлық медиа компаниялар БАҚ саласындағы ақпаратпен алмасуды және үйлестіруді жеңілдете отырып, бір-біріне жақын орналасқан. Сондай-ақ медиаорталық баспа өнімдерімен және баспамен айналысады, түсірілім топтары үшін көптеген павильондары да бар. Медиаорталық әлемнің 24 мемлекетіндегі 1300-ден астам медиа компаниялардың қызметін үйлестіруші кластер болып табылады.

Ақпарат және коммуникациялар министрі БАҚ және теле-, киноиндустрия саласындағы осындай тәжірибе Қазақстанға да медиа компаниялардың өзара іс-қимыл жасауы бөлігінде пайдалы болуы мүмкін екенін атап өтті.

Baq.kz

Оқи отырыңыз... Мақала авторы

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.